«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Олимп» дене шынықтыру - сауықтыру кешені» МКҚК
ГККП «Физкультурно-оздоровительный комплекс «Олимп» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области».

Мы в соц.сетях

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2025 жылғы есеп

25.02.2026

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Атбасар қаласының «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешені» МКҚК 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есебін ұсынады.

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәлімет:
Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Атбасар қаласының «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешені» МКҚК.
Заңды мекенжайы: Атбасар қаласы, 1-шағынаудан, 12А ғимарат.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
2025 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Атбасар қаласының «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешені» МКҚК тарапынан барлығы 165 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»:
– қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 165.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау»:
– қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау»:
– қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен оған қол жеткізу орындары туралы мәлімет:
Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат http://fokolimp.aqmoedu.kz/ ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жарияланған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:
Қазіргі уақытта заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):
2025 жылы «Олимп» ДШСК әлеуметтік желілерінде 1 мақала және 1 тікелей эфир жарияланды.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат:
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын жоғарылату перспективалары

2026 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Атбасар қаласының «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешені» МКҚК жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысын жалғастырады.

Просмотров: 961


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст