Тоғызқұмалақтың мыңдаған жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның өте ертеде пайда болғанынан хабар береді. Тоғызқұмалақ ойынының жеңіл түрі – бестемше. Ол – тоғызқұмалақтың жеңіл, жеткіншек балаларға арналған түрі. Бұл ойын баланы логикалық ойлауға үйретіп қана қоймай, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіріп өсуге үйретеді. Бала үнемі партада қозғалыссыз отырып ойнамайды, спортзалда, даладағы алаңда қозғалып жүріп те «Тоғызқұмалақ» ойынын ойнайды. “Бестемше” ойынын 5 жастан бастап ойнауға болады. Себебі, бұл ойын жеңіл болғандықтан балаларды кішкентай кезінен үйреткен жөн. Ал «Тоғызқұмалақ» ойыны күрделі болғандықтан 8-10 жастан бастап кеткен жөн. «Бестемше» ойынын үйрену арқылы «Тоғызқұмалақ» ойынын ойнап, есептеу барынша жеңіл болады. Сондықтан, кішкентай балалардың бестемше ойынымен тоқтап қалуы дұрыс емес. Уақыт өте келе тоғызқұмалақ ойынымен де айналысып, өз-өзін жан-жақты дамыта алды. Сондықтан біздің мектепте «Тоғыз құмалақ» үйірмесі жүргізіліп жатыр. Балалар белсеңді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.