«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Олимп» дене шынықтыру - сауықтыру кешені» МКҚК
ГККП «Физкультурно-оздоровительный комплекс «Олимп» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области».

Мы в соц.сетях

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарғы

  1. Жалпы ережелер
  1. Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Атбасар қаласының" ОЛИМП "дене шынықтыру-сауықтыру кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) ұйымдастыру – құқықтық нысанның шұғыл басқару құқығындағы заңды тұлға болып табылады.
  2. Кәсіпорын «Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы «Олимп» дене тәрбиесі – сауықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын құру туралы» Атбасар ауданы әкімдігінің 2013 жылдың 28 желтоқсанында №а-12/666 қаулысы негізінде құрылды.
  3. Кәсіпорын Құрылтайшысы Атбасар ауданының әкімдігі болып табылады.
  4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты мемлекеттік коммуналдық меншік субъектісі құқығын Атбасар ауданының әкімдігі жүзеге асырады.
  5. Кәсіпорынды басқарушы Орган «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарушы Орган) болып табылады.
  6. Кәсіпорын атауы: «Атбасар ауданының білім бөлімі жанындағы «Олимп» дене тәрбиесі – сауықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
  7. Кәсіпорын орналасқан мекен – жай: Қазақстан Республикасы 020400, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, 1 – ші ықшамаудан.

 

  1. Кәсіпорынның заңды мәртебесі
  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқығын иеленеді.
  2. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гербінің суреті бар және кәсіпорын атауы жазылған жеке бланкісі болады.
  3. Кәсіпорын өз атынан азаматтық – құқықтық мәмілелерге түсе алады. Кәсіпорынмен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне міндетті түрдегі мемлекеттік тіреуге немесе басқа тіркеуге жатқызылатын жасалатын азаматтық – құқықтық мәмілелер, басқасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылмаса, тіркеуден өткен  кезден бастап жасалды деп есептеледі.

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні, мақсаты және түрі
  1. Кәсіпорын қызметінің мәні, мақсаты қосымша білім беру саласындағы өндірістік – шаруашылық қызметті іске асыру болып табылады.
  2. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін іске асырады:
  • спорттық, мәдени, спорттық – сауықтыру шаралар өткізу;
  • спорт секцияларының, жалпы физикалық даярлау және денсаулық топтарының жұмыстарын ұйымдастыру;
  • оқу – жаттықтыру үрдісін іске асыру;
  • тұрғындарды балаларды, жастарды дене тәрбиесімен, спортпен белсенді шұғылдануға жұмылдыру;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • тұрғындардың қозғалыс белсенділігін дамыту және денсаулығын нығайту;
  • спорттың алуан түрлері бойынша спорт секциялары жүйесін дамыту;
  • спорттық резерв дайындау және жоғары разрядты спортшылар тәрбиелеу;
  • қалада дене тәрбиесі мен спортты дамытуға жағдай жасау;
  • материалдық – техникалық базаны дамыту және нығайту;
  • спорттық құрылғыларды пайдалану және оларға техникалық қызмет жасау, оқу – жаттықтыру және бұқаралық шаралар өткізу, қатысушылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • іс жүзіндегі заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түрлер.
  1. Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген қызмет мәні және атауына сәйкеспейтін қызметтерді көрсетуге және мәмілелер жасауға құқығы жоқ.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленеген немесе құрылтайшы құжаттармен, не болмаса басшының жарғылық құзыретін бқзу арқылы Кәсіпорынмен жасалған қызметі мен кәсіпорынның қызмет мақсатына қайшы келетін барлық мәмілелері басқарушы Органның, Атбасар ауданы әкімдігінің, немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылады.
  3. Кәсіпорынның Жарғысыз қызметін іске асырудағы басшының әрекеттері еңбек тәртібін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық жазаға тарту шараларына әкеп соқтырады.
  1. Кәсіпорынды басқару
  1. Атбасар ауданының әкімдігі:
  1. Кәсіпорынды құру, қайта құру және жою туралы шешімдерді қабылдайды;
  2. Кәсіпорын Жарғысын бекітеді, оған толықтырулар мен өзгертулер енгізеді;
  3. Кәсіпорынның штаттық құрамын бекітеді;
  4. Таза кіріс көзінен аударылатын аударымдар нормативтін бекітеді;
  5. Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіліктерді іске асырады;
  6. Кәсіпорынның коммуналдық меншігін бекітеді;
  7. Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, соның ішінде оны кепілге, жалға, қайтарымсыз пайдалануға немесе сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылдайды.
  1. Басқарушы Орган:
  1. Қызметтің басымдық бағыттары мен Кәсіпорын бюджетінен қаржыландырылатын жұмыстардың (қызметтердің) мөлшерін белгілейді;
  2. Кәсіпорынның даму бағдарламасын және олардың орындалуы бойынша есептерді қарастырады, келіседі, бекітеді;
  3. Кәсіпорынның даму бағдарламасын орындалуын бақылау және сараптауды жүзеге асырады;
  4. Кәсіпорынға коммуналдық мүлік бекітіп береді;
  5. Кәсіпорын мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  6. Кәсіпорын мүлкін есепке алу ұйымдастырады, оның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
  7. Басшыны тағайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен оны аттестациялау жұмысын өткізеді;
  8. Жыл сайын Кәсіпорынның жалақы қорының мөлшерін белгілейді;
  9. Оған осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларымен жүктелген өзге де өкілеттіліктерді іске асыру.
  1. Заңды тұлға ретіндегі Кәсіпорынның Органы оның басшысы болып табылады және ол басқарушы Басқарушы органға бағынышты болады.
  2. Басқарушы Орган Кәсіпорын басшысымен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек келісімдерін құру арқылы еңбек қатынастарын рәсімдейді. Еңбек келісімінде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде белгіленген шарттардан басқа, Кәсіпорын басшысының таза кіріс көзінің белгіленген бөлігін аудандық бюджетке уақтылы аудармағаны және қаржы – шаруашылық қызмет жөніндегі мәліметтерді ұсынбағаны үшін жауыпты болатыны қарастырылады.
  3. Кәсіпорын жетекшісі лауазымға уәкелетті органмен тағайындалады және босатылады.
  4. Кәсіпорын жетекшісі Кәсіпорынның жұмысын ұйымдастырады, басшылық жасайды, уәкелетті органға тікелей бағынышты болады және Кәсіпорынға жүктелген міндеттердің орындалуы мен өзінің функциясын іске асырыуға дербес түрде жауапкершілікте болады.
  5. Кәсіпорын басшысы қаржы – шаруашылық қызмет және Кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін дербес түрде жауапкершілікте болады, дарабасшылық принціпінде әрекет жасап, Қазақстан Республикасының заңнамаларында, Кәсіпорын Жарғысында белгіленетін өз құзыреті шеңберінде Кәсіпорын қызметіне байланысты мәселелерді шешеді.
  6. Кәсіпорын басшысы Кәсіпорында жемқорлыққа қарсы жұмыстардың ұйымдастырылауына дербес түрде жауапты.
  7. Басшы:
  1. Кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет жасайды және барлық органдарды оның мүддесін ұсынады;
  2. Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларында белгіленген шеңберде Кәсіпорын мүлкіне өкімдік етеді;
  3. Келісімдер құрады және басқа да мәмілелер жасайды;
  4. Сенімхаттар береді;
  5. Банк шоттарын ашады;
  6. Кәсіпорын қызметкерлерінің бәріне міндетті бұйрықтар шығарады және өкім береді;
  7. Қазақстан Республикасының Еңбек сәйкес Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, еңбек шартын бұзады, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде және осы Жарғыда басқасы қарастырылмаса, мадақтау және оларға жаза қолдану шараларын қолданады;
  8. Әділет басқармасына басшының орынбасарлығына тағайындуға кандидаттарды ұсынады, сонымен қатар, оларды босату туралы ұсыныс жасайды;
  9. Өз орынбасарларының және Кәсіпорынның басшы жұмысшыларының құзыретін белгілейді;
  10. Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларымен қарастырылған, өзіне жүктелген өзге де қызметті жүзеге асырады.

 

  1. Кәсіпорын мүлкі
  1. Кәсіпорының мүлкі активтерден және құны Кәсіпорынның өзіндік балансында көрсетілетін құндылықтардан құралады.
  2. Кәсіпорын мүлкі бөлінбейді және салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, оның ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің арасында таратуға жатпайды.
  3. Кәсіпорын мүлкі:
  1. Оған Өкілетті органмен берілген мүліктен;
  2. Өз қызметінің нәтижесінде (ақшалай кірісті қоса алғанда) алынған мүліктен;
  3. Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де көздерден құралады.
  1. Кәсіпорынның  қол астында оның қызметін жүргізу үшін қажетті, оның жарғылық мақсатына сай болатын, осы қызметтің өнімі болып келетін мүлік қана болады.
  2. Шұғыл басқару құқығын иелену және тоқтату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде қарастырылған шарттар мен талапқа сәйкес, басқасы осы Жарғымен қарастырылмаса, және бұл заттық құқық табиғатына қайшы келмесе, меншік құқығы мен басқа да заттық құқықты алу және тоқтату үшін іске асырылады.
  3. Шұғыл басқарудағы мүлікті пайдаланудан түскен кіріс, сонымен қатар Кәсіпорынмен келісіммен, басқа да негіздерде алынған мүліктер Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген тәртіппен кәсіпорынның шұғыл басқаруына енеді.
  4. Меншік иесімен мүлікті Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдап, оларды кәсіпорын балансына бекітілген кезден, басқасы Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленбесе мүлікке қатысты шұғыл басқару құқығы пайда болады.
  5. Кәсіпорынның негізгі қаражаттарға жатқызылған мүлікті алып – сатуға, тартып алуға, айырбастауға, сыйлауға құқығы жоқ.
  6. Мүлікті шұғыл басқару құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 249б. қарастырылған негіздеме, тәртіппен осы Жарғының 47т. Көрсетілген жағдайға мүліктік құқықты доғару үшін тоқтатылады.
  7. Басқарушы Орган Кәсіпорынға шұғыл басқару құқығында бекітілген мүлікті тартып алуға, басқасы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылмаса, басқа да құрылған заңды тұлғаларға таратып беруге құқылы.
  8. Шұғыл басқару құқығындағы мүлікті тартып алу туралы шешімде басқарушы Орган Кәсіпорынға оны тартып алып, басқа адамға бергенше дейін ұстау уақытын және дұрыс сақтауды қамтамасыз етуді талап етуге құқылы.
  9. Кәсіпорын өзіне бекітілген, негізгі қаражаттарға жатқызылған мүліктерде тартып алуға немесе басқа да тәсілмен өз қалауынша иелік етуге құқылы, оны тізімнен шығару, дебиторлық берешекке беру тек басқарушы Органның жазбаша келісімі бойынша ғана бере алады.
  10. Кәсіпорын негізгі қаражаттарға жатпайтын, шұғыл басқаруқұқығымен бекітілген мүлікке өздігінше өкімдік ете алады.
  11. Кәсіпорынның дәрігер алдындағы алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық кабинеті бар.

 

  1. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру
  1. кәсіпорын қызметі даму жоспарына сәйкес өз кірісі есебінен (оның ішінде ақылы қызметтен түскен қаражат) және Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасында белгіленген ретпен бюджеттік қаражаттан қаржыландырылады. Кәсіпорынның даму жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
  2. Кәсіпорынның таза кіріс көзінің бір бөлігін аудару нормативі Атбасар ауданының әкімдігімен белгіленеді. Кәсіпорынның таза кіріс көзінің бір бөлігі Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексінде белгіленген нормативтер бойынша корпоративтік салық  декларациясын өткізгеннен кейінгі он жұмыс күні ішінде аудан бюджетіне аударылады.
  3. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның осы Жарғыда белгіленген мақсаттарына, сонымен қатар Кәсіпорынға басқару Органы арқылы жеткізілетін мемлекеттік тапсырыстармен белгіленеді. Басқа шаруашылық қызметтерді атқаруға жол берілмейді.
  4. Кәсіпорынмен көрсеттілетін ақылы қызмет атауы мен тәртібі басқару Органның келісімі бойынша заңнаамаларға сәйкес белгіленеді.
  5. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынған. Жарғымен қарастырылмаған қызметтерінен түскен кіріс көздері және де іске асырылатын қызметтер бағасын асыру көрсету нәтижесінде түскен кіріс көздері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тартып алынады. Мүлікті игілікке жұмсамау фактілері орын алған жағдайда бухгалтердік есеп ережелеріне сәйкес тартып алынады.

 

  1. Кәсіпорын есепшілігі және есеп
  1. Кәсіпорынның басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорын басшысымен бекітілетін бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есепшелік құру жұмыстары қаржылық есепшілік ұлттық стандарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есепшілік туралы заңнамасы және есепке алу саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Кәсіпорын жауапкершілігі
  1. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өз өкіміндегі ақшаға жауап береді. Кәсіпорын жойылған кездегі жағдайды есепке алмағанда, бұл Кәсіпорын мүлкіне қатысты жазаға жол берілмейді.
  2. Оның міндеттемелері бойынша ақша жетіспеген жағдайда тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жаупкершілікте болады.
  3. Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе тек мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде құрылтайшы субсидиарлық жаупкершілікте болады.

 

  1. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі
  1. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібімен және еңбек келісімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

 

  1. Еңбек ұжымымен өзара қарым – қатынас, еңбек ұжымы мүшелері және олардың құқықтары мен міндеттері
  1. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымындағы өзара қарым – қатынас Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі мен ұжымдық келісімшартқа сәйкес белгіленеді.
  2. Кәсіпорын қызметкерлері құқылы:
  1. Өздерінің лауазымдық қызметіне сәйкес Кәсіпорын қызметіне қатысуға;
  2. Ұйымды басқару ісіне қатысуға, яғни, қоғамдық органдарға сайлануға;
  3. Еңбек келісімі мен біліктілік санатын сәйкес кепілденген еңбек ақы  алуға;
  4. Қазақстан Республикассының іс жүзіндегі заңнамаларына сәйкес еңбекті қорғауға;
  5. Дем алуға, сенбі және жексенбі күндері демалыспен қамтамасыз етілуге және қызметкерлердің тиісті санаты үшін заңнамамен белгіленген ретпен күндерден кем емес уақытқа жыл сайынғы еңбек демалысын алуға;
  1. Кәсіпорын қызметкерлері міндетті:
  1. Осы Жарғыны сақтауға;
  2. Өздерінің лауазымдық міндеттерін, ішкі еңбек тәртібін орындауға;
  3. Өз еңбегінің нәтижесі үшін моральдік жіне материалдық жауапкершілікте болуға;
  4. Балаларды күтуде іс жүзіндегі медицина – педагогикалық ұсынымдарды басшылыққа алуға;
  5. Еңбек ұжымы жалпы жиналысының талабын орындауға;
  6. Іс жүзіндегі заңнамаларға, еңбек және ұжымдық келісімдеріне сәйкес басқа да міндеттерді атқаруға.
  1. Балаға физикалық немесе моральдік – психологиялық зиян келтірген Жұмыскер Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілікте болады

 

  1. Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек ақысын төлеу
  1. Кәсіпорынның еңбекті төлеу қоры жыл сайын Кәсіпорынды басқару Органымен белгіленеді.
  2. Кәсіпорын өздігінген еңбекті төлеу түрін, лауазымдық жалақы мөлшерін, сыйақы беру және өзге де марапаттау жүйесін белгіленген еңбекті төлеу қоры шеңберінде анықтайды. Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарлары, бас (аға) бухгалтердің лауазымдық жалақы мөлшері, сыйақы беру және өзге де марапаттау жүйесі басқару Органмен белгіленеді.

 

  1. Кәсіпорынды қайта құру және жою
  1. Кәсіпорынды қайта құру және жою Атбасар ауданы әкімдігінің  шешімі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорын сонымен қатар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен қарастырылған басқа да негіздемелер бойынша қайта құрылады және жойылады.
  2. Коммуналдық Кәсіпорынды қайта құру және жою ісін Атбасар ауданының әкімдігі іске асырады.
  3. Жойылған кәсіпорынның мүлкі кредиторлардың талабы қанағаттандырылғаннан кейін басқарушы Органымен бөлініп беріледі.

Жойылған кәсіпорынның мүлкін өткізу нәтижесінде түскен қаражаттарын қоса алғандағы ақшасы, кредиторлардың талабы қанағаттандырылғаннан кейін аудандық бюджет қорының кірісіне өткізіледі.

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
  1. Кәсіпорын Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар Атбасар ауданы әкімдігінің шешімімен енгізіледі

Басшы ____________________________                      _____________

                             Т.А.Ә                                                              қолы

 

Жаңартылған күні: 06.09.2024 12:26
Құрылған күні: 06.09.2024 18:24

Текст